Шымкент қаласының Күншығыс шағын ауданында орналасқан Балалар үйі бар. Мемлекет қамқорлығына алынған бұл балаларға балалар үйінде қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қарны тоқ, көйлегі көк. Құнарлы тағам мен жайлы төсек-орын. Зейінін ашатын түрлі бұйымдар. Ойын жабдықтары. Бірақ мұндағы балалар мекеменің өз үйі, жылы қонысы еместігін сезініп, ата-ана мейірімін аңсап жүретіні тағы бар.
Осы орайда, AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында және «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» партиялық жобалары аясында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Күншығыс шағын ауданында орналасқан Балалар үйінде болып, мекеменің ішкі тіршілігімен танысты.
Аталған мекеме ата-анасыз қалған, мемлекеттің көмегі мен қорғауына мұқтаж балалар үшін құрылған тәрбие беру орны болып табылады. Бұл мекеменің мақсаты — балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау.
Бүгінгі таңда аталған мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 36 бала тәрбиеленуде.