Азаматтар мен кәсіпкерлерді қорғайтын құқық жүйесі қажет — Мемлекет басшысы

1232

Президент Қасым-Жомарт Азаматтар мен кәсіпкерлерді қорғайтын құқық жүйесі қажет екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай заңнамаларға түзетулер енгізу қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізде азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауы тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән тудыратын реформалардың бәрі күшін жоюға тиіс», — деді Тоқаев.