Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшылары қатарына енді

216

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц шахматтан өткен әлем чемпионатындағы тарихи жеңісінен кейін FIDE рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол аталмыш рейтингте бес сатыға жоғарылап, үшінші орынға тұрақтады.

Үздітер көшін Қытай елінің өкілі Хоу Ифань бастап тұр. Ал екінші орынға тағы бір қытайлық шахматшы, әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь жайғасқан.

Үздік бестікті ресейлік шахматшылар Екатерина Лагно мен Александра Горячкина түйіндеп отыр.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Қатар астанасы Дохада өткен әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында топ жарды. Ол ақтық сында украиналық, екі дүркін әлем чемпионы Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Бибісара Асаубаева үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2021 және 2022 жылдары блиц шахматтан әлем чемпионатында екі мәрте жеңіске жеткен. Бибісара Асаубаева – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы.