Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

974
Қазақстандық боксшы әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек (4-0, 3 КО) бүгін түнде кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.
Лондондағы York Hall аренасында Сұлтан Зауырбек екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО)  қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек төртінші раунда нокутпен аяқталды.
«Аллаға шүкір төртінші жеңісіме қол жеткіздім!!#2019 жыл сәтті басталды!», — деп жазады спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек — 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.