Күңіренбеңдерші…
«Себеп» пен «салдар» деген ұғымдарды ажырата білу керек…
Кейбір шенеуніктері халықтың ғана емес, бала-шаға мен жетім-жесірдің нәпақасына жармасып жатқан елдің балаларынан қандай тәрбие күтесіздер?
«Коучинг», «Трениг», «Семинар» өткізгіштер сабақ өтудің түр-түрін көрсетеді.
Бірақ тәрбие берудің нақты жолын үйреткен немесе көрсеткен бір жиын көрген емеспін, көпірме сөзден өзге. Мұғалімдері «Ғасыр ұстазы», «Ұлт ұстазы», «Алаш ұстазы» деген атақтарды сатып алып жатыр.
Өзге мықтылар «Аудан-облыстың құрметті азаматы» деген атақтарды сыйға алып жатыр. Мықты болсаңыздар, 2018 ж. қыркүйек айында 6 млн парамен ұсталды деген білім басқармасының қызметкерлерінің ісіне журналистік зерттеу жүргізсеңіздерші..
Атырау облыстық Білім басқармасының басшысына не болды?