Әлем чемпионы атанған боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

3410
Жақында ғана WBO чемпионы атағын жеңіп алған Деметриус Андраде Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Америкалық боксшы GGG-дің көзін құртуға ниетті екенін де жасырмай айтты деп жазады vesti.kz 
Деметриус Андраде намибиялық боксшы Уолтера Каутондоквуды жеңіп орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.
Жекпе-жектен кейін жеңімпаз бірден GGG-ге қатысты мәлімдеме жасап, ел талқысына түсті.
«Ол әлем чемпионы бола алмайды, өйткені мен оған мүмкіндік бермеймін», — деді Деметриус Андраде.
Айта кетейік, Деметриус Андраде Уолтер Каутондоквуды төрт мәрте нокдаунға жіберіп, орта салмақтағы WBO чемпионы атанды. Бұл америкалық боксшы үшін 26-шы жеңісі болса, намибиялық спортшы мансабында алғаш рет жеңіліп тұр.
Оған қоса, Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі мексикалық боксшының жеңісімен аяқталғанын да хабарлаған болатынбыз. GGG-дің жанкүйерлері төрешілердің шешіміне шүйліккен.
Қазақстандық боксшы өзінің «Канелодан» жақсы жұдырықтасатынын айтып, мансабын қашан аяқтайтыны туралы да пікір білдірді.