2022 жылғы пітір садақа мөлшері жарияланды

969

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттің қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды», — делінген ақпаратта.

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті. Жиында наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын мәлімдеді. Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданған.

Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.