Облыс прокуроры Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесті

1359
Бүгін аймақтарда тұратын халықпен жүзбе-жүз жүздесіп, кездесу өткізу аясында Түркістан облысының прокуроры Төлеби ауданына барды, деп хабарлайды Ardak.kz.
Елді мекендерді газбен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерімен ауданның 9 тұрғыны жеке қабылдауға өтініш білдіріп, қабылдауда болды.
Одан әрі облыс прокуроры ИЧ-167/9 түзеу мекемесіне барып, оның жеке құрамымен әңгіме өткізді. Сонымен қатар оның негізгі нысандарының өмір сүруге қолайлығын қарап шықты.
Мекемені аралау барысында жәбірленушілерге залалды өтеу деңгейін жоғарлату және қылмыстық істер бойынша қарызы бар сотталушыларды жұмыспен қамту мәселелері мекеме әкімшілігінің алдына қойылды.

Сонымен, өздерін толғандырған шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мен өтеу жазасының жеңілдеу түріне ауыстыру мәселелерін көтерген сотталушылармен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтарға жазадан босаудың негіздемесі мен тәртібі жайлы түсініктемелер берілді.
Облыс прокуроры аймақ тұрғындарына барып азаматтармен жүзбе-жүз кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізіп тұратынын еске саламыз.
Дереккөз:Түркістан облысының прокуратурасы