2019 жылдын басына бірыңғай жиынтық төлем енгізілді

1186
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзіңін жолдауыңда айтқандай әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекетімізде еңгізудін басты мақсаты мемлекетіміздің әр бір азаматына медициналық көмек қолжетім болуы және медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеру.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына:
1). мемлекет өзінің қарауындағы 13 сантақа 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап –4 пайыз жарна аударады;
2). Жұмыс берушілер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын жұмыскердің жалақысынан 1 %, 2018-2019 жж. – 1,5 % аударымдар жасайды.
3). Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариус, адвокат, кәсіби медиатор, шаруа қожалығының иелері 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын 2 ең төменгі жалақының 5% яғни 2017 ж. айына 2445,9 теңге аударды, заң өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарна төлеуден босатылды, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын 2 ең төменгі жалақының 5% пайызын төлейтін болады.
4).Жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын жалақыдан 1%, 2020 жылдан бастап – 2% жарна төлейтін болады.
5). Тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтитын жеке тұлға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын өзі үшін 1 ең төменгі жалақының 5% пайыз жарна аударады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес биылғы жылдын басынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілген. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді.
Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады.
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.
Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:
* жеке табыс салығы 10 %;
* — мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;
* — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;
* — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 %.
Сонымен қатар, 2019 жылдың басында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтырулар еңгізілді.
Бұрын, мемлекеттің қараудағы азаматтардың тізімі 14 санат болатын болса осы күнде 13 санат болып қысқарды, атап айтсақ:
• балалар; • жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар; • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; • осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); • жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (бала асырап алуға) байланысты үш жасқа толғанға дейін күтім жасайтын адамдар; • мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар; • зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; • сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар; • тергеу изоляторларында отырғандар; • жұмыс істемейтін оралмандар; • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; • мүгедектер; • орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
Ахмет Беден.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы.