«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы — «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «9 шілде — су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні» аталып өтілді. Бұл мереке саланың дамуына зор үлес қосып жүрген қызметкерлерді құрметтеп, олардың еңбегін бағалауға арналған маңызды күндердің бірі. Әрбір маманның кәсіби жетістіктері мен еңбегі еленіп, халыққа қызмет көрсету жолында атқарып отырған жұмыстары айрықша бағаланады.
Басқарманың қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: басқарма басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы, басқарма басшысының орынбасары Абдрахманов Мұрат Мұхатұлы, басқарманың бөлім басшысы Оразымбет Мейрамбек Жұмабекұлы, «Құрмет грамотасымен»: «Шымкент сушар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшының орынбасары Төлегенов Бейсенәлі Әшірбекұлы, «Алғыс хаттарымен»: басқарманың әдіскерлері Өмірзақ Мағжан Мейібекұлы және Сейітбеков Нұрмахамбет Талғатұлы және бас маманы Тұрганов Еркеғали Кұттыбекұлы марапатталды. Бұл марапаттар тек жеке қызметкерлердің ғана емес, жалпы бүкіл ұжымның жетістігі, олардың ұжымдық еңбегінің жоғары бағасы болып табылады.
Марапаттау рәсімі кәсіподақтың әлеуметтік жауапкершілігі мен өз мүшелеріне деген қамқорлығын тағы бір рет айқындап берді. Кәсіподақ қызметкерлерді әрқашан қолдап, олардың еңбек құқықтарын қорғауға және кәсіби деңгейлерін көтеруге бағытталған көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Әріптестеріміздің еңбек нәтижелері мен кәсіби біліктілігі, сондай-ақ кәсіподақтың көмегі арқылы олар өздерінің еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіподақтардың рөлі ерекше артып отыр. Бұл жылда жұмысшы мамандықтарының маңызы мен қажеттілігі, сондай-ақ олардың қоғамдағы орнын көрсету мақсатында көптеген шаралар өткізіледі. Кәсіподақтар осы бағытта өздерінің белсенді қызметін жалғастырып, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіби білім деңгейін арттыру үшін түрлі бағдарламалар ұсынады. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттырып, осы салаларда жұмыс істейтін мамандарды марапаттау қоғамға жұмысшылардың маңызды рөлін түсіндіруде үлкен ықпал етеді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы, өз кезегінде, әрбір маманның еңбек жолында оларға тек құқықтық қорғауды ғана емес, сондай-ақ моральдық қолдау да көрсетеді. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіподақтар түрлі мерекелік шаралар мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру үшін арнайы тренингтер мен семинарлар өткізуде. Осы шаралар арқылы біз тек еңбекқор мамандарды емес, сондай-ақ оларға лайықты жағдайлар жасай отырып, еңбек мәдениетін көтеруді мақсат етеміз. Бұл өз кезегінде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жұмысшылардың жұмыс орындарында моральдық және материалдық тұрғыда көбірек қолдауға септігін тигізеді.
Бүгінгі күні басқарманың қызметкерлеріне жасалған марапаттар тек жеке тұлғалардың жетістіктерін ғана емес, қоғамның өз әріптестеріне деген құрметін, олардың еңбек жолындағы маңыздылығын атап өтуді де көздейді. Бұл шаралар «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған ең негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады.