Канело Сондерсті жеңіп, үш салмақ бойынша әлем чемпионы атанды

1447

Сондерс өзінің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Канело» 56-рет жеңіске жетті.

AT&T стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBC және WBA супер орта салмақтағы чемпионы Сауль Альварес (56-1-2 38 КО) WBO супер орта салмақтағы чемпионы Билли Джо Сондерспен (30-1, 14 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланды. Бірақ сегізінші раундтан кейін британдық боксшының бұрышы жеңілісін мойындады. Осылайша Сондерс өзінің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Канело» 56-рет жеңіске жетті. 

https://www.instagram.com/p/COoz9JwFPby/?utm_source=ig_web_copy_link