ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

19
2026 жылдың 6-7 наурыз күндері Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Полиция Департаменті және облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, Түлкібас ауданы аумағында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген автокөлік жүргізушілеріне 17 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 ескерту берілді.
Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында, ҚР заңнамасына сәйкес республикалық «2026-2027 жылдарға арналған жолаушылар тасымалы саласындағы жол картасы» жоспары белгіленді. Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан 2026 жылдың 24 ақпанында бекітілген жоспарға сәйкес «2026-2027 жылдарға Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеу, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою және жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» бойынша жұмыстар атқарылуда. Сала мандарының айтуынша, мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі