«Ең болмағанда көңіл үшін әдемі сөйлемейсіздер ме?» – жарымжан баланың анасы (ВИДЕО)

717

Желіде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен кездесуі кезінде жарымжан балалардың жағдайына алаңдаған ананың видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбада өзін кеміс екі баланың анасымын деп таныстырған әйел орнынан тұрып, мүгедектердің жағдайына алаңдап, облыс әкіміне іште жатқан жанайқайын айтады.

«Сәбіз дедік, ит дедік, мусор дедік, пончик дедік. Бірақ, ерекше балалардың (мүгедек, – ред.) жағдайын ойлап жатсыңдар ма?! Ерекше балаларға миллиардтың 3 пайызын береміз деп жатсыңдар. Собес (Әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы, – ред.) мүлдем жұмыс істемейді. Парақшасын ашып қалсам, Тоқаевтың суреті, Сапарбаевтың суреті. Ерекше балаларға ең болмағанда әдемі сөз таппай жатсыңдар ма?! Онда не үшін балалар жылы?! Ерекше балаларға неге көңіл бөлмейсіздер? Олардың әлемі өзгеше, бөлек. Түсінесіздер ме? Менің екі балам – мүгедек. Өзім де мүгедекпін. Өздерің миллиондап алып жатсыңдар», – деді ол.

Осылай дей келіп, бұрынғы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің жұмысын жақсы бағалап, оған жарымжан адамдарды баспанамен қамтамасыз еткені үшін алғысын айтты.

«Асқар Мырзахметовтің арқасында көпбалалы аналарға үй берілді. Мен өмір-бақи оның тілеуін тілеп өтемін. Ал сіздер ең болмағанда әдемі сөйлеп қоймайсыздар ма?!» – деп сөзін аяқтады ол.

https://www.facebook.com/100007304113557/videos/293349769519561/