Заң шығарушылар бір-бірін еденге құлатып, бір-біріне орындық лақтырды.
Түркия парламентінде Сирияның Идлиб провинциясындағы оқиғаларды талқылау кезінде депутаттар жаппай төбелесті, деп хабарлайды zakon.kz «Звезда» телеарнасына сілтеме жасап.
Жанжал оппозициялық фракциялардың бірінің басшысы ел президенті Реджеп Тайып Ердоған туралы жағымсыз пікір айтқаннан кейін басталды.
Төбелеске ондаған депутат қатысты. Мемлекет басшысының жақтаушылары шымбайына Ердоғанның халықаралық аренадағы, ең алдымен Сириядағы саясатына қатысты айтылған сын батып кетсе керек.
Заң шығарушылар бір-бірін еденге құлатып, бір-біріне орындық лақтырды.
Идлибтегі жағдайдың 27 ақпанда күрт нашарлап, содырлар кең көлемде шабуыл жасады. Кейін Анкара мәлімдегендей, Сирия әскери күштерінің террористерге жасаған соққы кезінде 36 түрік сарбазы қаза тапты.