“Дикий Арманды”қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

887

Бас прокуратура қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 сәуірге дейін ұзартқанын хабарлады.

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген:

  • 126-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – «Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бас бостандығынан заңсыз айыру»;
  • 272-баптың 2-бөлігі – «Зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып, тәртіпсіздіктерге қатысу,»;
  • 287-баптың 4-бөлігі — «Адамдар тобының алдын ала келісім бойынша немесе бірнеше рет атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру».

Еске салайық, Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұстау кезінде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.

Наурыздың 14-і күні Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжілісте сөйлеген сөзінде Алматыда «Жабайы Арманның” қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматты азаптады деген ҰҚК-нің алты қызметкері күдікке ілінгенін айтты. Салдарынан зардап шеккендердің барлығы жараланып, бір адам қаза тапқан.

Адырна” ұлттық порталы