Облысымызда жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2387 заң бұзушылық орын алған. Аталған заң бұзушылықтың дені Сайрам, Бәйдібек және Мақтарал аудандарында тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті жанындағы ведомоствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды.
Мемлекеттік қызмет сапасын бақылау мақсатында департамент мамандары жыл басынан бері 64 тексеру жүргізіпті. Оның 42-і Агенттіктің тапсырмасымен жүргізілсе, 10-ы ішінара, қалғаны жоспардан тыс жүзеге асқан. Нәтижесінде 2387 заң бұзушылық анықталған. Департамент өкілінің айтуынша көп жағдайда қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзып, артық құжат талап еткен.
Әбдірасыл Әбиев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы
Осындай олқылықтарға жол бергені үшін жыл басынан бері өңірімізде 24 лауазымды тұлғаға қатысты 49 әкімшілік іс қозғалған. Соның нәтижесімен қызметкерлерге 1млн 600 мың теңге айыппұл салынып өндіріліпті. Жауапқа тартылған тұлғалардың саны жағынан Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Сайрам аудандары көш бастап тұр.
Илияс Марин – Сайрам ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы
Кемшіліктер айтылып оны шешудің жолдары талқыланған жиында вдмоствоаралық жұмысшы тобының мүшелері Кентау қаласы мен Бәйдібек және Сайрам ауданы әкімі аппарат басшыларының мемлекеттік қызметті жақсарту бағытында атқарып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады.
М. ЖАРЫЛҚАСЫН