Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанның атом электр станциясы салынатынына сенімді екенін айтады.
«АЭС салу – бір-екі жылдың шаруасы емес. АЭС орналасатын аймақты, су жағдайын, адам ресурстарын, климатын, тектоникасын зерттеп, шешім қабылдауға кем дегенде бір жыл уақыт кетеді. Мұның бәрін технология мәселесімен қатар барлап-бақылауға уақыт керек. Қазір бұл тұрғыда сіздерге нақты ақпарат бере алмаймын. Бірақ біз АЭС салуға нақты бекіндік», — деді Ақшолақов ОКҚ брифингінде.
Бұған дейін Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов «Қазақстан АЭС салу үшін ядролық технологиялар жеткізетін алты елдің қарастырылып жатқанын айтқан еді. Олар: америкалық, америка-жапондық, корей, қытай, орыс және француз технологиялары. Ол сондай-ақ қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергия блогының құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұратынын айтқан болатын.
Abai.kz