АРЫС: «Тұрғындардың ауласынан және үйлердің шатырларынан оқ-дәрілер табылып жатыр»

1322
Бұл туралы Арыста өткен жауапты сала мамандарының өткізген брифингінде мәлім болды.
Арыстағы төтенше жағдайдан соң қала аумағында әлі де оқ-дәрі қалдықтары табылып жатыр, деп ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Арыста апаттан кейінгі қаланың жай-күйіне қатысты өткен брифингте облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді.
«Қалада ішін снарядтардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 9753 оқ-дәрілер табылды. Арнайы мобильді топ жұмыс жасап жатыр. Қазірде тұрғындардан өтініштер келіп түсуде осыған байланысты 272 шақырту алдық. Арнайы топ үйлерді аралап, қала тұрғындарынан оқ-дәрілер бөлшектерінің табылуы жөнінде сауалнама жүргізуде», – деді брифингке қатысқан ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов.
«Қазіргі таңда өрттер туралы ақпараттар келіп жатқан жоқ. Қауырт желі сымтетігіне 17800-ден астам қоңыраулар келіп түсті және әлі де түсіп жатыр. Тұрғындардың ауласында және үйлердің шатырларында оқ-дәрілер табылып жатыр. Сол бойынша қоңыраулар келіп түсуде. Осы қоңырауларға байланысты мекен-жайын анықтап, ҚР Қорғаныс министрлігіне жолдап жатырмыз. Арыс қаласында өрт сөндіруші 101 қызметкер және 25 техника жауынгерлік дайындықта тұр», — деді облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.
«Қала тұрғындары арасында жалған мәлімет тарату бойынша ютуб каналдарында жүріп жатыр. Осыған байланысты 3 азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткіздік. Қазіргі таңда бір азамат жалған мәлімет таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Қалған екі азаматпен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үйлеріне жіберілді», — деді облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастамбеков.