Шөкеев Арыстағы құрылыста салғырттық танытқандарды жұмыстан босатпақ

1066
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізді. Жиынға аймақтағы құрылым басшыларынан бөлек, барлық облыстардың өкілдері қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі қаралып, атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Өңір басшысы аудан-қала басшыларына тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау керектігін де ескертті.
«Мен осында бір ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан немесе қала жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаса, жауапты адамды жұмыстан босатамын. Ал жауапты облыстар салғырттық танытса, үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек»,- деді Өмірзақ Шөкеев.