Қазақстанда бензин бағасы арзандай ма?

677

Қазақстанда бензин мен дизель отынын көтерме саудада өткізуге акциз ставкалары көтерілгеннен кейін де жанармай бағасы арзандамайды, деп хабарлады энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Бұған дейін үкімет бензин мен дизель отынын көтерме саудада акциздік ставканы көтеруді көздейтін түзету жобасы әзірленгенін хабарлаған болатын.

«Мұнай өнімдерін сатуда маржаның белгілі бір бөлігін алған өнімсіз делдалдарды алып тастайтынымызды және маржаның бұл үлесі акциз түрінде мемлекетке түсетінін білесіздер. Яғни баға өспейді. Жаңа акцизге байланысты, бірақ оның арзандауы да екіталай», — деді министр СҚО-да өткен брифингте.

Ол қазіргі таңда Ресейде жанар-жағармай Қазақстанға қарағанда қымбат екенін атап өтті. Бірақ бұл жағдай қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Ресейде бензин арзандауы мүмкін. Біздің бензин ресейлік бензиннен 100 теңгеге арзан болды. Бірақ ресейлік өнім біздікінен арзандайды деп ойламаймыз”, — деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың қатарында.

“Бір долларға бір бакты толтыру мүмкін емес екенін білесіздер. Қазақстанда мұнай өнімдері өте арзан. Біздің мұнай өнімдері шекарадан бақылаусыз экспортталды. Сондықтан өткен жылы бізде тапшылық байқала бастады. Экспортқа тыйым салынғанына қарамастан осылай болды», — деп түйіндеді Ақшолақов.