ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАНЫҢ АУЫР АТЛЕТТЕРІ ЖЫЛДЫ ТАБЫСТЫ ТҮЙІНДЕДІ

923
Түркістан облысының ауыр атлетика федерациясының президенті, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай ауыр атлетика спортынан 2022 жылы ел чемпионаттарында топ жарған 8 спортшыны және жаттықтырушыларын марапаттады. Чемпиондарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ ауыр атлеттерге олимпиадалық стандартқа сай «Eleiko» зілтемірін сыйға тартты.
– Бүгінгі таңда ауданымызда барлық спорт түрлері қарыштап дамып келеді. Шардараны әлем қол күрес арқылы таниды. Ал сіздер даңғыл жолға қадам басып, ел ішіндегі чемпионаттарда жеңіп отырсыздар. Бұл өте жоғары көрсеткіш деп білемін. Өздеріңіздей спортшылар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің арқасында ауданымыздың мерейі үстем болуда. Сіздерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін және сіздермен мақтанамын. Ауыр атлетика спортынан әлемді бағындырып, Шардараны шартарапқа таныта береді деп сенемін! – деді Қ.Жолдыбай.
Биыл ауыр атлетика спортынан Дәулет Амангелді, Тұрғанбай Әлішер, Арапбай Нұрасыл, Арапбай Жанасыл, Ирсали Нұрмұхаммед, Қойбағар Нұрдаулет, Бахтер Нұржан және Асылбекова Ұлжан топ жарған болатын. Сонымен бірге осы өрендерді даярлаған бапкерлер – Асхат Кубеев пен Талғат Өскенбаевқа құрмет көрсетілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі