Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері мен қадір-қасиетін бірінші орынға қоюға, ал ықтимал есептерді елдің болашақ басшыларына қалдыруға шақырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Тоқаев кемшіліктердің Америка президенті де, қытай басшылары да, тіпті сингапурлық көшбасшы Ли Куан Юға да тән екенін атап өтті.
— «Сингапурдың да, АҚШ-тың да, Қытайдың да халқы мен билеуші топтары өз басшыларының қадір-қасиетін кемшіліктерден жоғары қояды. Өйткені, бұрыннан белгілі: жұмыс істемейтін адам қателеспейді.
Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қоямыз, ал мүмкін болатын есепті еліміздің болашақ басшыларына жеткізейік», — деді ол.