ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚАРҚЫНДЫ КҮРЕС – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

1741

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет саясатының негізгі басым бағыттарының бірі. Оның алдын алу туралы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев әр Жолдауында шегелеп айтып келсе, Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.

Осыған байланысты, бүгін Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Отырар ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, жемқорлық көріністерінің алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында Г.Төлегенқызы пара алу – ең қауіпті қылмыстардың бірі екендігін жеткізіп, жемқорлыққа жол бергендердің түбі жазасыз қалмайтындығын ескертті.

Сондай-ақ, Қылмыстықкодекстің 366, 367, 368-баптарынакеңіректоқталып, сыбайласжемқорлықтәуекелдерінежолбермеугежәнеоныменқарқындыкүресугешақырды.

Кездесуде  «Есен ана» мешітінің бас имамы Е.Киізбаев пен «Тәйтелі ата» мешітінің бас имамы М.Сұлтанқұлов белсенділік танытып,  парақорлық адами тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да ауыр қылмыс, әрі кешірілмес күнә екендігін кеңінен баяндады.

Шара соңында слайд арқылы жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың нақты статистикалық мәліметтері көрсетіліп, қызметкерлер назарына арнайы әзірленген бейнеролик ұсынылды.