Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ өкілдерінің өзекті рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Орта салмақтағы қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкин Давидь Лемьеге жол беріп, рейтингте екінші орынды сақтап қалды. Біздің тағы екі боксшы 15-ші орынға жайғасты. Олар — екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы және бірінші орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев. Еске сала кетейік, Ербосынұлы мен Жаңабаев өздерінің соңғы жекпе-жегін 23 желтоқсан күні Мәскеуде өткізген болатын. Айдос төртінші раундта бельгиялық Илиас Ачергуиды жеңіп, WBO Global титулын иеленді. Ал Нұрсұлтан судьялардың бір ауыздан дауыс беруімен филиппиндық Арнел Тинампайдан басым түсіп, WBC Asia чемпионының белбеуін қанжыға байлады.