Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасы аясында «Отбасы банкі» АҚ-ның ішіндегі «Бақытты отбасы» бағдарламасы жайында ақпаратты ұсынады.
«Тұрғын үй Құрылыс Жинақ» банкінің бұл бағдарламасымен жергілікті әкімдік кезегінде тұрған жандар ғана ипотека рәсімдей алады. Егер Сіз әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрсаңыз және келесі мәртебеге ие болсаңыз, көпбалалы немесе толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы бар балалар бағдарламаға қатысуға ниет білдіруіне болады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға зайым рәсімдеуге болады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, зайым мөлшерлемесі жылдық пайызы 2%, жылдық тиімді сыйақысы 2,1% бастап. Ең төменгі бастапқы жарна — зайым сомасының 10%, мерзімі 18 жылға дейін беріледі.
Ал, сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 000 000 теңгеге дейін, сондай-ақ басқа аймақтарда зайым сомасы 10 000 000 теңгеге дейін.
Не сатып алуға болады? Жаңа салынған үйден жаңа пәтер, қолданыста болған пәтер, жеке тұрғын үй.
Қажетті құжаттар қандай?
- өтініш-сауалнама
- жеке куәлік
- неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі
- некені бұзутуралы соттың күшіне енген шешімі
- Үміткердің мемлекеттік корпорациядан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға құқық беру туралы өтініші
- банк талаптарына сәйкес, табысы туралы құжаттар.
Егер қажетті құжаттарды тапсыруға мүмкіндік шектеулі болса, «Жастар ресурстық орталығының» egov порталына жауап беретін маманының көмегіне жүгінсе болады.
Ал, толығырақ ақпараттық қалалық жастар ресрурстық орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан немесе мына байланыс телефоны арқылы білуге болады +7 707 4757612.