Байден: Ресей қиғылық салса, АҚШ қатаң жазалайды

1079

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ Ресеймен жанжалдаспайтынын, алайда, егер Ресей үкіметі зиянды әрекеттерін жалғастыра берсе, Вашингтонның жауабы “қатал “болады деп мәлімдеді”, — деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақ үй басшысы Еуропаға сегіз күндік сапарын бастап Ұлыбританияға ұшып кетті. Байден НАТО басшыларының саммитіне қатысады. Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Милденхоллдағы Корольдік әскери-әуе базасында қызмет ететін АҚШ әскери ұшқыштарымен сөйлескен кезде АҚШ президенті Вашингтонның трансатлантикалық серіктестікке деген «мызғымас» міндеттемесін нақты көрсетуге ниетті екенін айтты.

“Біз Ресеймен қақтығыс іздеп отырған жоқпыз. Біз тұрақты және болжамды қарым-қатынасты қалаймыз … Бірақ мен Ресей үкіметі зиянды әрекеттермен айналысатын болса, АҚШ-тың жауабы қатаң әрі мақсатты болатынын анық айттым”,- деді Байден.

Daily Mail-дің хабарлауынша, президенттің сөз сөйлеуі алдында Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы Джилл Байден американдық әскерилерге сөз сөйледі. Ол әскерилерге қызметтері үшін алғысын білдіріп, өзінің «Біріккен күштер» бастамасы туралы, оның бұрынғы бірінші ханым Мишель Обамамен бірге американдық сарбаздардың отбасыларын қолдау мақсатында құрған тобы туралы айтты.

«Сіздер ерекше екендеріңізді білесіздер деп үміттенемін. Біз сіздерге және отбасыларыңызға қорғаныс қызметі үшін дән ризамыз», — деді ол.

“Адырна” ұлттық порталы