Байқауға республиканың барлық өңірлерінен 170 оқушы қатысты.
Шымкенттік оқушы республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаныма — менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты — дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Байқауға республиканың барлық өңірлерінен 170 оқушы қатысты. Байқау 9 номинация бойынша өтті. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша «Қаратау петроглифтері – жазу өркениетінің басталуы» тақырыбында №58 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қалдыбек Жансұлу республика бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз шәкірт I орын алып, I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Айта кетейік, байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.