Кәмшат Жолдыбаева: Мирбек екеуміз сүйіскенде оның әйелі де, менің жақындарым да қарап тұрды

1856
Былтыр “Тыңда мені” атты бейнеклиппен дүйім қазақ әрі қырғыз жұртын шулатқан Кәмшат Жолдыбаева мен Мирбек Атабеков “Түнгі студия” бағдарламасында қонақ болды. Қос өнер иесі елді шулатқан дуэттің қалай туғанын әңгімелеп, түсірілім барысында орын алған қызықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Кәмшат қырғызстандық әріптесімен дуэт айтуды бұрыннан армандапты. Айтуынша, Мирбек – Кәмшаттың інісінің ең сүйікті әншісі.
“Көлікте келе жатқанда інім армандап: – Шіркін, осы жігітпен дуэт айтсаң ғой, – деді. Ол бірнеше жыл бұрын болатын”, – деп еске алды Жолдыбаева.
Бір қызығы, аталған жайтқа қатысты Атабековтің де өз оқиғасы бар. Жолдыбаеваның шығармашылығын Мирбектен бұрын, оның жұбайы қатты ұнатады екен. Тіпті, Кәмшатпен бірге дуэт айтсаң деген ұсынысты алғаш болып Мирбектің жұбайы тастаған.
Ел тарапынан қатал сынға ұшыраса да, Кәмшат бұл әннің шығармашылығындағы ең озық туындылардың бірі екеніне сенімді.
“Бұл менің өнерімдегі ең керемет, ең лайықты туындылардың бірі деп ойлаймын. Осындай бір дүниенің қосылғанына қуаныштымын. Ең қиыны – төбелес сәттері болды”, – деген Кәмшат ашық сахналарды түсірген кезде аса қиналмағанын айтты.
“Махаббат сахналарын түсірген кезде бізде бәрі өте ашық түрде өтті. Ешкімнен тығылған да жоқпыз. Мейирим де (ред. Мирбектің жұбайы) қасымызда болды, менің жақындарым да болды. Біз бұған кәсіби тұрғыдан қараймыз. Бұл – біздің жұмысымыз, мамандығымыз”, – дейді Жолдыбаева.
Ал Мирбек Атабеков Кәмшаттың жанында біраз қысылғанын айтады. Оны қайрап, рөлін дұрыс сомдап шығуға тағы да жұбайы итермелепті.
“Джеки Чан сияқты ойнау оңай болды. Ал Кәмшаттың жанында кішкене қысылдым. Оның актрисалық тәжірибесі бар, киноларға түскен. Менде бұл бірінші рет болғандықтан, тартынулар болды. Бірақ менің әйелім өзі келіп айтты: – Тартынба, ұялма, бұл сенің атқарып жатқан рөлің. Мен тура түсінемін, – деді”, – деп ағынан жарылды Мирбек Атабеков.