МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

1423
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап елімізде үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді. Іріктеу жүйесі туралы нақты айтқанда, бірінші кезең ол — шекті мәндері белгіленген заңнама бойынша тестілеу.
2018 жылы облыс бойынша оған 11427 адам қатысып, оның 41,1 %-ы оң нәтижесін алды. Оның ішінде құқық қорғау қызметіне 3566 үміткер арасында бұл көрсеткіш 44,4 %-ды құрады.
Екінші кезең — бұл құзыреттер деп аталатын жеке қасиеттерді бағалау.
Өткен жылы танымал француздық «DMI» компаниясымен және Астана мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың қолдауымен бірлесіп жеке қасиеттерді бағалауды жетілдіру бойынша жұмыстар аяқталды.
Жүйе сынақтан тиімді өтіп, 2019 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Бұл ретте, үміткерлерге қойылатын құзыреттілік талаптар «халыққа қызмет көрсету» қағидатына негізделіп, қазіргі мемлекеттік аппаратқа сәйкестендірілген. Демек, кандидаттың үміттенген лауазымына қарамастан, үміткерлер парасаттылық, тұтынушыларға бағдарлау, жауапкершілік, бастамашылық, күйзеліске төзімділік сияқты талаптарға сай болуы керек. Бұл мемлекеттік қызметшіге арналған қажетті қасиеттердің базасы деп айтуға болады.
Сондай-ақ, лауазым деңгейі есебімен, келесі құзыреттер қосымша тексерілетін болады. Атқарушы лауазымдар үшін – бұл өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару. Төменгі буын басшылары үшін – шешімдер қабылдау, көшбасшылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, жеделділік және өзін-өзі дамыту. Орта буын басшылары үшін стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару, көшбасшылық, шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл сияқты құзыреттердің болуы міндетті.
Әзірленген құзыреттер шеңбері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына және үздік шетелдік тәжірибеге сәйкес келеді. Сұрақтардың негізінде психометриялық есептер мен ситуациялық кейстер қамтылған, олар кандидат туралы толық көрініс береді.
Үшінші кезең — әңгімелесу өткізу кезінде конкурстық комиссиялар құзыреттердің нәтижесін ескеретін болады. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды және жауаптардың растық деңгейі өту мәнінен төмен болған жағдайда сертификат берілмейді.
Бұл ретте, «Б» корпусының лауазымына үміткерлер жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап жаңа «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарыда қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда, нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар мен жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарына өзгерістер енгізілген.
Енгізілген өзгерістің нәтижесінде лауазымдық санаттар бойынша жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар біршама жеңілдетілген және меритократия қағидаттары нақтыланғанын атап өтуге болады
Нартай Шынтаев
Қазақстан Респбуликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.