«Көпбалалы аналар үшін ақшаны қайдан алу керектігін білемін»

1043
Көпбалалы аналар үшін ақшаны қайдан алуға болатынын мен білемін. «Ана» деген кәдімгі мамандықтың бір түріне айналуы тиіс. Бір бала тудың ба – айына 100 доллар аласың, екінші бала үшін – 200 доллар, үшінші балаңды дүниеге әкелсең – 300 доллар. Төртінші балаңды тудың, автоматты түрде пәтерлі болдың. Мұның бәрі қайырымды мемлекеттің сыйлығы болады. Бесінші бала үшін 500 доллар, тағысын тағы…
Сізге бұл мүмкін еместей көрінер әрі күлкілі шығар, иә? Бекер!
Бұл — ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі! Бұл тіпті мемлекеттігімізді сақтау мәселесі!
Бір ғасыр бұрын қазақ халқының тең жартысы қырылды. Совет империясы қолмен жасаған ашаршылық, геноцид болмағанда, бүгінде қазақтардың саны 50 миллионға жетер ме еді… Не керек, бүгін санымыз 10 миллионнан сәл ғана асады.
Шынында біз өз елінде тілі мен тарихына деген құқығын әлі күнге дейін дәлелдеуге тырысып, жанталасып жүрген, тіпті жойылуға шақ қалған халықпыз.  Бұл тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар, ол – геометриялық прогресске жету.
10 жылдан кейін біздің санымыз қазіргіден бір жарым есеге артуы тиіс, ал 20 жылдан кейін екі есеге артамыз.
Бізге азулы аю мен қу айдаһарға қарсы тұра алатын Батырлар керек! Және бізге сондай Батырларды дүниеге әкелетін аналар керек! Білесіздер ме,  бізге кем дегенде 35 миллион азаматы өмір сүретін мемлекет қажет. Себебі сондай ел ғана өзін-өзі қамтамасы ете  алады әрі ішкі нарыққа ие бола алады.
Ал мұның бәріне ақшаны қайдан аламыз? Бәріңізді алаңдатқан сұрақ та осы.
Бізде ондай ақша өте көп. Тек соның бәрі түкке тұрғысыз дүниелерге шашылып жатыр. Мәселен, Шучинскідегі трамплинді алып қарайық. Оны салуға мемлекеттен 1 миллиард доллар қаржы жұмсалды.
Мемлекет ішінде жүзге жуық спортшы трамплиннен секірумен айналысады. Оның үстіне Алматыда бір трамплин онсыз да бар. Шучинскідегі қыс мезгілінің 150 күнінің жартысында температура 20 градустан төмен болып тұрады. Яғни ұшуға болмайтын уақыт. Қалған 50 күннің 40 күнінде қатты аяз болады, онда да ұшуға тыйым салынады. 5 күн қалады. Сол 5 күн үшін біздің билік 1  миллиард доллар ақша жұмсады.
Анықтама ретінде экономикасы біздің елден 50 есеге жоғары Ұлыбританияда трамплин әлі жоқ.
Астананы алайық.
Пирамидада 1300 орындығы бар опера сахнасын білетін боларсыз… Жоқ, бұл аз ғой, оның жанына «Қазақстан» концерт залын салып қойдық. Ол да аз болды, тағы опера театрын салдық. Неге? Миллиардтаған долларларды неге бекер шашып жатырмыз? Әлгі пирамида жылына 10-15 күн жұмыс істейді, концерт залы да солай. Оның үстіне ол жерде ешкімге пайдасы жоқ шаралар өтеді. Ал ол ғимараттардың жылуы мен өзге де қызметтері үшін тағы мемлекеттен миллиондаған долларлар бөлінеді емес пе?
Киелі Түркістан қаласын облыс деп атадық та, үлкен-үлкен сарайлар салуға кірістік. 200 миллион доллардай ақша тағы кетті.
Барып тұрған ақымақтық… Трамп елдегі штаттарға сондай нысандар салып көрсінші, «есалаң» атанып, халықтың қудалауына ұшырайды.
Мұның бәрі бизнесмен Генри Фордтың айтуынша, «түбі кедейлікке әкелетін «өлі денелерді тасу» әрекеті».
Мен тек бірнеше мысал келтірдім… Бұл «өлі денелердің» артында Қазақстанның картасы жатыр.
Егер әр нысанның өзі бір-бір пантеон болса, бізге тағы Пантеонның не қажеті бар? «Қорқақ үкімет» пен өтірікші депутаттардың пантеоны да жетеді емес пе?
«Өлі денелерді» әрі — бері тасуды доғарайықшы?! Күні кеше бес балақайды шынайы жерледік.
Өмірімізде бір рет болса да шынайы істер атқарайық, бүгінгі және болашақ Аналарымыз үшін жақсылық жасап, тірісінде аяқтарын сүйіп өтейік!
Гүлім Жақан