Шымкентте 1 мың орындық аурухана мен консультациялық-диагностикалық орталық салынады

1556
Шымкентте 1 000 орынға арналған ірі аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынады. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың аталған ірі жобаны қаржыландырып отырған инвесторлармен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Кездесу барысында қала басшысы бұл жоба Үкімет тарапынан бекітілген ірі жобалардың бірі екенін айтып, оны жүзеге асыру үшін әкімдік барынша қолдау көрсететінін жеткізді.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстарына  әкімдік тарапынан 150 гектар жер бөлінген. Сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарлануда.
Жалпы жоба құны 180 млн АҚШ долларын құрайды. Оның 15 пайызын жергілікті жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен қаржыландырса, қалған 80 пайызы инвестордың есебінен болмақ. Жоба бойынша аурухана 6 корпустан тұрады. Оның ішінде, хирургиялық, терапиялық және ана мен бала орталығы, патологоанатомиялық бюро және сот-медициналық сараптама бюросы мен жедел медициналық және санитарлық-авиациялық көмек орталығы науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсететін болады.
null
null