Өзбекстан президенті өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығына барды

1682
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы Жизақ облысы Мырзашөл ауданындағы өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының қызметімен танысты, деп хабарлады assembly.kz.
Мырзашөлде тұратын отандастарымызға салт-дәстүрлерімізді сақтау және дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мәселен, мұнда Қазақ ұлттық театры ұйымдастырылған. Жақында театр ғимараты қайта жаңартылған. Ұлттық музыка, би, ән, бейнелеу өнері үйірмелерінің жұмыс істейді.
Өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының құрылуы – екі халық арасындағы достықтың кезекті көрінісі болды. Орталықта мәдени байланыстарды күшейтуге, жастарды интернационалдық достық рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Президент театрды қалпына келтіру және өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының ашылуы – бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті. Мекеме шығармашылық, ағартушылық ұйымдарды, зиялы қауым өкілдерін және жастарды игілікті мақсаттар аясында біріктіруі тиіс деп атап өтті.