Түркістан облысында невролог дәрігерлер алғаш рет Ресейдің үздік мамандарымен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық клиникалық ауруханада Павлов атындағы Санкт-Петербург университетінің неврология кафедрасының доценті, білікті реабилитолог Ольга Камаева шеберлік сақатарын өткізді, Шетелдік дәрігерлер Түркістан облысының мамандарының кәсіби біліктілігіне өте жоғары бағалады. Сала мамандары инсультпен ауыратын науқастарға көмек көрсететін невролог және реабилитолог дәрігерлер, ЕДШ мамандар, медбикелер, логопедтер үшін «инсультпен ауыратын науқастарды оңалтуда пәнаралық тәсіл» тақырыптық жетілдіру курсы бойынша циклдық дәріс жүргізді.
Бұл курс неврологиялық бөлімшелердің қызметкерлерін инсультке шалдыққан науқастарға және олардың отбасыларына оңалту көмегін көрсетуде пәнаралық тәсілге үйретеді.
Оқыту курсы кезінде түркістандық дәрігерлер науқас пен оның отбасының мәселелерін бағалауда холистикалық көзқарасты көрсетуге үйренеді. Пациенттің жағдайын бағалауда және оны жүргізуді жоспарлауда көмек көрсетудің негізгі теориялық мәселелерін көрсетеді. Өмір сүру және денсаулықты шектеудің халықаралық жіктемесі тұжырымдамасында оңалту диагнозын жасай алады. Ресейлік дәрігерлер бұдан өзге клиникалық ауруханада науқастарды қабылдап, оларды емдеу жолдарын түсіндірді.
Айнұр Ақбаева