ҰҚК: Шетелдің бір топ азаматы Алматыда теракт жасамақ болған

1419
Алматыда террористік әрекетке әзірленуге күдікті ретінде бір топ шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орталық Азия елдерінде туған шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компонент, сонымен бірге қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
Тергеу ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасымен және олардың басшылылық етуімен әрекет еткен деп болжап отыр.
Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматыда халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен. Тергеу амалдары жалғасып жатыр,  – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Дереккөз:baribar.kz