АҚАЕВ ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫНАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

908

Асқар Ақаев «Құмтөр» жобасын іске асыру кезінде жіберген қателері үшін Қырғызстан халқынан кешірім сұрады, — деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қырғызстан басылымына сілтеме жасап.

Бұрынғы президенттің айтуынша, 1992 жылы «Құмтөр» бойынша келісімге қол қойылған күннен бастап қырғыз тарапы ұлттық мүдделерге нұқсан келтіріп, көп жеңілдік жасаған.

«Мен жіберген қателіктерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. «Құмтөр» жобасы бойынша қырғыз халқының үмітін ақтамадым. Үкімет тарапынан тиісті бақылаудың жоғы канадалық инвесторларға кенішті толық бақылауға алуға мүмкіндік берді. Бұл оларға зор пайда әкелгенімен, Қырғызстан үшін мардымсыз дивидендтер мен экологиялық проблемалардың жылдан жылға өсуіне әкелді», — деді Ақаев.

Еске салайық, 2 тамызда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың Бішкекке оралғаны белгілі болды. Ол осыған дейін «Құмтөр» жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен іздеуде болған. Ол бірден ҰҚК ғимаратына жеткізілді, онда оның қатысуымен кен орны бойынша қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Ақаев журналистерге берген сұхбатында, өз еркімен «Құмтөр» ісі бойынша куәлік беру үшін бір аптаға келгенін айтты.

https://t.me/sputnik_kyrgyzstan/47094