ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

743

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы нақты жол саласына қатысты 8 бағытта жұмыс атқарады. Соның бірі — қала аумағындағы жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай, жол белгілері, жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол таңбалары сызылады.
Салаға жауапты мамандар күнделікті қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізеді.

Ағымдағы жылы қала аумағында сонымен қатар, шағын аудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік маңызы бар орындарында жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) қажетті аймақтарға 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады.

Айта кетейік, жасанды жол кедергілері әлеуметтік маңызы жоғары емхана, мектеп, балабақша секілді мекемелердің аумағына орнатылады.

Сондай-ақ, 2023 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам орнату жоспарлануда. Қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылып, 3500 жол белгілері орнату жоспарлануда.