ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

529

Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агробелдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді.

Осы орайда, шымкенттік шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып келеді. Атап өтетін болсақ, 2022 жылы 1 074,0 млн теңгеге 48 ауыл шаруашылы тауар өндірушілерінен келіп түскен 393 өтінімге сәйкес субсидиялар берілген болса, 2023 жылға жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 млн.теңге қаралды.

Субсидиялау бағыттары бойынша берілетін қаржы көлемі:
Етті мал шаруашылығы
— Асыл тұқымды мал сатып алуға 150 000-300 000 теңге;
— Бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашыққа 200 теңге (1 кг тірі салмағына);
— Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 10 000 теңге;
— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-50 000 теңге
Сүтті мал шаруашылығы:
— Асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге;
— Өндірілген сүттің 1 кг 20 теңге
— Асыл тұқымды ұрық сатып алу 5 000-10 000 теңге дозасы;
— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-70 000 теңге
Жылқы, түйе, шаруашылығы:
— Асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;
— Өндірілген сүттің 1 кг 60 теңге;
— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 30 000 теңге
Құс шаруашылығы:
— Асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға 60 теңге;
— Өндірілген 1 дана жұмыртқаға 3 теңге;
— Өндірілген құс етіне 1кг 50 теңге

Асыл тұқымды мал сатып алуға 15 000-40 000 теңге;
— Бордақылау алаңдарына өткізілген еркек тоқтыларға 3 000 теңге;
— Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 2 500-4 000 теңге;
— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 8 000 теңге
Доңыз шаруашылығы:
— Шет елден аналық асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;
— Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 40 000 теңге;
— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 7 000 теңге
Бал ара шаруашылығы:
— Селекциялық асылдандыру жұмысына 1 балұяға 5000 теңге.

Субсидиялауға өтінімдер қабылдау қала әкімдігінің 2023 жылға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы қаулысы жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдауға ие болу үшін subsidy.plem.kz электрондық базасында көрсетілген нұсқаулықтарды қарап, субсидиялаудың әр бағыттарымен танысуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарынан тел: 8(7252) 24-74-08 хабарласып, консультациялық кеңес алуға болады.