Түркістанда алғашқы «Mega city» кешені ашылды

1557
Түркістан облысының орталығы – Түркістан шаһарында «Mega city» ойын-сауық кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Қаланың “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” айналма жолы бойында орналасқан сауда орталығының аумағы 15000 шаршы метрді құрайды.
Іргетасы 2014 жылдан бастап қалана бастаған сауда үйінің жалпы құны 2,5 млрд теңге. Нысанның негізгі бағыты ойын-сауық, сауда орындарына арналған.
Тәулігіне 800 адамға дейін қызмет көрсетуге ыңғайластырылған ғимарат толықтай жұмысына кіріскенде жергілікті 200 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туындайды.
«Mega city» ойын-сауық кешені заманауи талаптарға сай бой көтерген. Онда көпшілікке арналған тамақтану орындары мен «MegaCinema» кинотеатры, балалар үшін соңғы үлгідегі автоматтандырылған ойын атракциондары бар. Сонымен қатар, гипермаркеттер де қарастырылған.

dalanews.kz