Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1. Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;
2. «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;
3. «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;
4. Qazaqstan ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1. Kokshe телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға;
2. Jibek Joly / Silk Way телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;
3. Abay Live YouTube-арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;
4. Тengrinewskz сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы алғысы:
1. Ana tili газетінің шығармашылық ұжымына;
2. BALAPAN телеарнасының шығармашылық ұжымына;
3. Soltustik Qazaqstan газетінің шығармашылық ұжымына;
4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.
Іс-шарада журналистика саласының ардагері Шархан Қазығұл, «Казахстанская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Юлия Магер және «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Гүлнәзия Зарипова сөз сөйледі.
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысушылармен бірге суретке түсті.














