хабарлама

1000

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №126 бұйрығымен «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа )» есепке алатын бақылау аспаптарын (КПУ) жарақтандыру қағидалары мен талаптары бекітілген.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепке алатын бақылау аспаптарымен (КПУ) жарақтандыруға міндетті деп көрсетілген.

Сіз жоғарыда көрсетілген заң талаптарына бағынбай, жанармай құю станцияларыңыз есепке алатын бақылау аспаптарымен (КПУ) жарақтандырылмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 281 бабының 5 бөлігінің 8 тармақшасына сәйкес,40-тан бастап 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл түрінде жауапқа тартылуыңыз мүмкін екендігін ескертеміз.

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Б.Төреханов