Төле би ауданындағы ауылдардың инфрақұрылымдық жобалары жөнделуде

1025
Төле би ауданында жолдар жөнделіп, инфрақұрылым тартылуда. Бұл туралы аудан әкімі Бауыржан Омарбеков Алатау ауылдық округі тұрғындарына есеп беру кезінде айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы қорытындылаған аудан басшысы атқарған жұмыстарын арнайы дайындалған бейнероликпен көрсетіп, 2019 жылы ауданда жүзеге асырылатын жұмыстар барысын баяндады. Мәселен, Аққұм ауыл округі бойынша ағымдағы жылы Ақдала, Жалғыз ағаш, Кеңсай көшелеріне трансформатор орнатылып, электр жерілерінің құрылысы жүргізіледі. «Бұл мақсатта жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 1,7 млн теңге жұмсалады.
Ауылдағы Тыныбек орта мектебінің спорт зал құрылысына 50 млн теңге бөлініп, Жаңаұйым елдімекеніндегі 1,5 шақырым автожолды орта жөндеуден өткізуге 22,8 млн теңге берілген. Сол сияқты Момынай елдімекенінің Бұлақты көшесін жөндеуге 6,6 млн теңге қарастырылған»,- деді Бауыржан Омарбеков.
Есеп беру жиынында ауылдағы өзге де өзекті мәселелер сөз болып, аудан әкіміне сұрақтар қойылды. Халық жиынға белсене қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді. Дәл осындай кездесу Алатау ауылдық округінде де өтті. Аталған елдімекенінің ауыз су құбырының құрылысына 232,2 млн теңге бөлінсе, Нысанбек елдімекенінің құбырлар тарту үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 5,4 млн теңге қаралған. «Шатыртөбе-Қайнар елдімекендерінің ауыз су құбырын қайта құруға 110 млн теңге, Екпінді елдімекеніндегі Екпінді-Ақмешіт көпірін күрделі жөндеуге 48,8 млн теңге қарастырылды.
Біркөлік елдімекенінде Қазақстан және Ақмешіт учаскесі мен Назарбеков көшелеріне трансформатор орнату және электр желілерінің құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 2,8 млн теңге бөлінді. Қайнар елдімекеніндегі жаңа тұрғын үй массивтерінің инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 17,4 млн теңге бөлінді. Екпіндіелді мекеніндегі орталық көшені орта жөндеуден өткізуге 17,9 млн теңге қарастырылды», — деді аудан әкімі.