Шымкенттен сайланған сенаторлар мегаполис тұрғындарын қабылдады

1516
Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай Шымкент қаласына Президент тапсырмаларын түсіндіру жұмыстарымен ҚР Парламент депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды іс-сапармен келіп, мегаполис тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Кездесуде басты тақырып әлеуметтік салаға қатысты болып, Елбасы айтқан көпбалалы отбасылардың балаларына төленетін жәрдемақыны алу жолдары егжей-тегжей түсіндірілді. Шымкенттік сенаторлар әр тұрғынның мәселесін жеке-жеке тыңдап, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.
Кездесуге қала тұрғындарымен қатар Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев және БАҚ өкілдері қатысты. Жоспарға сәйкес бірнеше кездесу жоспарланған.
Дереккөз:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ