«ӨЗ СТАТУСЫҢДЫ БІЛ!» НАУҚАНЫ ӨТТІ

799
Бүгін Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Өз статусыңды біл!» науқаны өтті.
Науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында Жастар орталығының қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.