АБАЙ ТӘЛІМІ – «АЛЛА ЖОЛЫНДА БОЛ!»

3013

Алапат пандемия Адам Ата үрім-бұтағын тегіс байлап-ма­тап тастады. Бұлқынуға дәр­мен жоқ тіпті. Неге бұлай? Се­бебі Құдайға сенім-наным таяз. «Тек маған құйылсын!» дей­тін эгоизм мен «Ме­нен кейін, мейлі, күйіп кет!» дейтін тұ­тынушылық психология өр­шіп кетті. Әсіресе, экологияда дертті хәл. Өзі отырған бұтақты кес­кен Қожанасыр еске түседі. Сонымен, жаман атаулы құ­дай­сыздық салдары. Аяғы не? Әрине, құрдым. Табиғатпен үй­лесім тап­пай – адамзат тірі қалмас. Адамдыққа бұру, Құ­дайға қарау де­геннің тереңгі мәні де осы. Жаңалық емес, «Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса!», «Өлейін деп өл­мей­ді өлерлік жан, …Өмір қай­да, сен қайда, соны да ойлан!» деп Абай баяғыда-ақ ескерткен. Бү­гінгі жойқын індет де мейірімді Алла Тағаланың «Тоғышар бол­май, рухани өзгер!» деген қаһары һәм хабары.

Құдай жолы, яғни тура жол деген тү­сінген кісіге нәпсіге ермеу, жанға еру. Неге? Себебі жан – қозғалыс, тәннің баршасын соның қуаты өсіріп тұр. «Тән жан жаратты деме!» (Шәкәрім). Адамшылық салтанат құруға сана тұрмысты билегені жөн. Өзге жол жоқ. Абай философиясының кілті де осы!

Ойшылдың «Тасдиқ» трактатына (қа­зіргіше 38-ші қара сөз) ауысайық. Онда қойылған басты мақсат – жаңа айтқан адам­ның өзімшіл мінезін өзгерту, Хақтыққа жол сілтеу. Дәлелге тек қорытынды тезисті алсақ та жеткілікті.

Абай қорытынды сөзін: «Құдай жолына жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам бас­ты, ол таза мұсылман, толық адам деліне-ді», – деп бастаған. Әрі қарай «Құдай жолы» ұғымына классикалық анықтама береді: «Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса – өзің ниһаятлысың, ол жол – Құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген ынсап?! Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол – Құдайдың жолы».

Көріп отырмыз, қорытынды тезисте «Толық адам кім?» деген сұрақтың нақтылы жауабы бар, «Құдай жолы» ұғымына да анық анықтама берілген. Абайдың соңғы аманаты деуге лайықты түйін. Оны адамзат дамуының жаңа моделі десек те орынды!

Көріп отырмыз, қорытынды тезисте «Толық адам кім?» деген сұрақтың нақтылы жауабы бар, «Құдай жолы» ұғымына да анық анықтама берілген. Абайдың соңғы аманаты деуге лайықты түйін. Оны адамзат дамуының жаңа моделі десек те орынды!

Олай болса, Абайдың бұл қорытындыға қалай келгенін байыптайық.

Құдайға құлшылық қылудың, оның салған  жолына түсудің мәнісін түсін­діруден бұрын Абай әулиелік пен хакімдіктің табиғатын зерделеп, салыстыра қарастырған. Бірінші кезекте: «Әулиелер … ақиреттік пай­дасын ғана күзетті. Ғашықтары сол хәлге жетті: дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки, хисапқа алмады», – деп әулиелікті си­паттаған.

Сөз жоқ, әулиелік – ғашықтық символы. Әулие – шын иманды (иман якини) тапқан, Құдай үшін өмірін қиюға даяр жан. Сопылықтың сыртқы тәртібін (аскеттік мінә­жат, тақуалық тағат) ұстанбады демесеңіз, ішкі дүниесі бойынша Абай да уникум, яғни кәміл иман иесі болған (бұл туралы өткенде айттық). Әулиелер қасиетін ойшылдың сезгені, жақсы білгені содан.

Бірақ адамзаттың Абайды іздегені – тек бірлі-жарымның ғана емес, Алла Тағаланың барша пендесіне салған даңғылын танып-білу.

Бірақ адамзаттың Абайды іздегені – тек бірлі-жарымның ғана емес, Алла Тағаланың барша пендесіне салған даңғылын танып-білу.

Біле білсек, әлімсақтан дін жолы мен Құдай жолы бір саналған. Ал әулиелік (тариқат) – Құ­дай разылығын алудың төте амалы, құл­шы­лық­тың таза үлгісі ретінде уағыздалған. Бас­қаша ойлау күпірлік десек те, Абайда күмән көп. «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында Мұхтар Әуезов былай деп жазады: «Сонымен, өз тұсында, ХІХ ғасырдың екінші жарымында, Шығыс ілімінде майданға шыға бастаған жаңашыл, рационалшыл дін ре­формашыларының шеніне араласады. Абай та­тардан шыққан Хайым Насири алдындағы Шиһабидин Мәржаниді қостайды».

Сол жаңашылдықтың бірі – Абай    ғасыр­лар тозаңы басқан Құдай жолы ұғымын қайта аршып, жаңғыртқан. Дін алаңында мыңмен жалғыз алысуға батылы барған Абайдан өзге данышпаның қайсы?

«Тасдиқтың» орта тұсында Абай: «Пенде­ліктің кәмәлаты әулиелікпен болатұғын бол­са…», – деп бастап, дәлел-уәждері тізбегін: «Егерде бұл жол жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым-жарты раст дүниеде бола ма? Раст болса, һәммаға бірдей раст бол­сын, алалаған раст бола ма?» деп қорытады. Мұ­ны жаңағы схолостик діншілермен таласы деп түсінуіміз керек.

Бірақ «Алалаған раст бола ма?» дегеннен дін жолын (тариқат) терістеді, я бол­маса әулиелікті қабылдамады деген ой ту­мауы керек. Қайталап айтайық, Абайдың мақ­саты –  кең ауқымдағы Құдай жолын анықтау. Ал тариқат деген – тар соқпақ, нәпсіні жеңу амалы. Тек әулиенің ғана еншісі. Абай: «Бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету қаупі бар» демекші, барша адамзатқа «дү­ниені хисапқа алмай» өмір сүру мүмкін емес. Егер дүние пайдасын ойламаса не болмақ? Онда: «Ол жұртта ғұмыр жоқ болса керек. Ғұ­мыр – өзі хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәлат жоқ» дейді Абай. Керемет уәж!

Ойшыл дәлелі орайына: «Әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді» деп, мысалға үш сахабаны атаған. Мысалды Абай өзі медет сұраған ұлы сопы – ақындар, Ясауи­ден Шәкәрімге дейінгі ойшыл ғұламалар тізі­мімен жалғастыра түсуге болады. Әрбір ұлы тұл­ға жұртқа махаббат қылды, тек «жақсылық ти­гізбек» мақсатын көздеді. Абай ұсынған осы кри­терий тұрғысынан ел үшін басын бәйгеге тіккен батыр бабалар, кешегі тарих сахнасына шық­қан алаш арыстары да «толық адам» атына сай келмек.

Ойшыл дәлелі орайына: «Әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді» деп, мысалға үш сахабаны атаған. Мысалды Абай өзі медет сұраған ұлы сопы – ақындар, Ясауи­ден Шәкәрімге дейінгі ойшыл ғұламалар тізі­мімен жалғастыра түсуге болады. Әрбір ұлы тұл­ға жұртқа махаббат қылды, тек «жақсылық ти­гізбек» мақсатын көздеді. Абай ұсынған осы кри­терий тұрғысынан ел үшін басын бәйгеге тіккен батыр бабалар, кешегі тарих сахнасына шық­қан алаш арыстары да «толық адам» атына сай келмек.

Сөйтіп, Абай көптеген дәлелдер келтіріп, жамағатты «пенделіктің кәмәлаты әулиелікпен» деп адаспауға шақырған. Бұл үндеудің маңызы қазіргі таңда арта түспесе, кеміген жоқ. Өйткені дін ісін Құдай ісінен, діншілікті руханилықтан айыра алмай адасқан жастар арамызда баршылық.

Кемеңгер жаңа айтқандай жолды ашып алып, енді хакімдік туралы ой-толғам­дарға ауысады. Абай әулие мен хакім «екеуі де бірі­н­ен-бірі көп жырақ кетпейді» десе, бұл олар­дың дүние қызығын құрбан қылуын айт­қаны. Бірақ  принципті айырмашылық та бар. Оны Абай: «Хакімдер дүниеде тиетін пайдасын сөйледі» деп ажыратып, анықтап береді.

Осы айтылған айырмашылық бойынша Құдай жолы туралы Абай ізденісінің ло­гикасын түсіне аламыз.  Кемеңгердің хакім­нің ойлау жүйесіне, оның жасаған, таратқан іс­те­ріне байыппен тоқталуы осы ойға же­телейді.

«Әрбір істің себебін іздеушілерге хакім ат қойды. Бұлар …һаммасы адам баласының пай­дасы үшін, …бір ғана Хақты таппақ, әрбір нәр­сенің себебін таппақпенен ләззаттанады», – дей келе, Абай хакімдерге қатысты айтқан пікірлерін былай деп түйеді: «Адаспай тура із­деген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді. Фиғыл пәнденің қазығы – осы жақсы хакімдер. …Дін ғалымдардың нақлиясымен мұсылман иман тақлиди кәсіп қылады. Хакімдердің ғақ­лиятымен жетсе, иман якини болады».

Тезистің астары терең. Біріншіден, Абай Құдайды хакімдер сияқты разы қылуды  құп­таған.  Құдай жолы – әділеттің, яғни адам­заттың бәрін сүю мен шамаңа қарай  біреулерге жақсылық тигізбектің жолы екенін аңдатқан. «Мен сүйгенді сүйді деп Иең сүйсін» деп өзі айтқандай, ұлы ұстаз хакімдік істерді  Құдайға да, халыққа да махаббат қылудың үлгісі ре­тін­де ұсынған.

Екіншіден, «толық адам» танымына сәуле түседі. Яғни толық адам – Абайдай ру­хани ұстаздың, кәміл адам –  әл-Ғазалидей дін ғалымының ақыл-ойының жемісі. Толық адам тұжырымы діни таным шеңберінде қалып­таған «кәміл адам» теориясының жаңа заман талабына бейімделген түрі екені анықталмақ. «Толық адам» танымының авторы – Абай деуге ғылыми негіз осы арада.

Тегінде, Абайдың әулиелер һәм хакімдер туралы ғибратты ойлары абстрактілі теория емес. «Жылы менен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті» деп өзі айтқандай, ойшылдың жеке басынан  өткерген тәжірибесі. Осыны ескергеніміз жөн. Ұлы ақынның әр шығармасы «жұртқа қылған артық махаббаттан хисап» болуы сөзіміздің айғағы.

Қорыта айтқанда, «Біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол – Құдайдың жолы» деген тезис – Абай жаңалығы. Мұны растап, бекітуге жоғарыда келтірілген де­рек-дәйектер жеткілікті сияқты.

Пандемия – Алла ісін ойлануға шақы­рып отыр деп сөз басында айттық, яғни Алла мен адамның қарым-қатынасын елеп-ескеру өзекті нәрсе. Айтпағым, алғашқы «Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген жолдың мәнісі – Алланың адамды сүюі. Бірінші сүю сол болмақ! Оған дәлел қайсы?

Қорытынды:

Ел басына күн туды. Есте жоқ ескі мезгілден қазақ медетті Жаратушыдан, қала берді, рух әлемі мен рухани күштерден сұраған. Тәнді дә­рі-дәрмекпен емдесе, жан дауасын – құдай­шы­лықтан іздеген.  Мейірімді жасаған Иеміз бұл жолы да халқымызды аясына, қамқорына алып, ауырғандарға шипасын бергей, ауыртпа­лық мамыражай шуаққа ауысатын күн­дерге тезірек жетуге жазсын! Әумин.

Асан ОМАРОВ,

зерттеуші