Тоқаев: Министрліктің оқу жылына дайын екеніне күмәнданамын

1613

Президент Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында күзде басталатын 2020-2021 жылғы оқу маусымына дайындық барысына назар аударды.

Ол мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарамды болғаны әшкереленгенін еске салып, әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс екенін атап өтті.

Президент 1 қыркүйекте басталатын оқу жылына министрліктің дайын екеніне күмәнданатынын айтып, «балалар іштей оқи ма, әлде қашықтан оқи ма, жаңа оқу жылына мұғалімдер даярлығы қандай» деген сауалдардың мазалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсеткенін, мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмағанын айтты.

«Қамшы» сілтейді