Қазақстан боксшылары әлем чемпионатында топ жарды

829

Биыл 22 қазан – 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында жастар арасында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары топ жарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 6 алтын, 1 күміс және 10 қола алды.

Алтын медаль алғандар:

  • Боранбек Бексұлтан (51 келі);
  • Төрехан Сабырхан (67 келі);
  • Өнер Сейілхан (71 келі);
  • Санжар-Али Бегалиев (75 келі);
  • Елянур Турганова (50 келі);
  • Аружан Зейноллаева (81 келі).

Жалпы командалық есеп:

1. Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 10 қола;

2. Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола;

3. Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола;

4. Қытай – 3 алтын, 3 күміс, 4 қола.