Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды

1027

Черногорияда өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы деп Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан танылды.

Айта кетейік, Төрехан финалда кубалық боксшы Дэвид Эспиносаны жеңген болатын. Бұған дейін Черногория, Ауғанстан, Өзбекстан және Қытай боксшыларын жарыс жолынан шығарды.

Төрехан Сабырхан спорттық мансабында бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген. Ол Азия чемпионатын түрлі жас деңгейінде төрт рет жеңсе, алғаш рет жастар арасында әлем чемпионы атанып отыр. Келер жылдан бастап Төрехан ересектер дивизионына өтеді.

Ал, аталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Қоржынымызда 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль бар.