Саудиядағы үлкен сауда: Трамп Путинді «достарынан» айырмақ па?

80

АҚШ президенті Дональд Трамп екінші мәрте президенттік қызметіне кіріскелі-бергі алғашқы шетелдік сапарын бұрынғы дәстүр бойынша көршілес орналасқан Канада, Мексика немесе Еуропа елдерінен бастаған жоқ. Алғашқы сапарды Парсы шығанағындағы дәулетті үш елден бастады. Олар: Сауд Арабиясы, Катар мен БАӘ.

САУДИЯДАҒЫ ҮЛКЕН САУДА

Мұның алдында Трамп: «Парсы шығанағын – Араб шығанағы деп ауыстырамыз», — деп екіленген еді. Ал әлемдік БАҚ пен сарапшылар: «Президент Трамптың бұл сапарында саяси мүддеден гөрі, экономикалық пайданы көздеу басым», — деп топшылайды.

1747219391591342.png

(Сурет: bbc.com)

Сонымен, Эр-Риадқа президент Трамптың ескі ұшағы кеше барып тұрақтады. Трамп жалғыз барған жоқ. Қасына әлемнің ең ауқатты адамы (Forbes рейтингі) Илон Маск бастаған АҚШ-тың 15 алпауыт компаниясының басшысын ертіп барды. «Саудия-АҚШ» іскерлік форумы өтті.

Бұл шын мәнінде үлкен сауда алаңы болды. Себебі, осыған дейін АҚШ-қа 600 миллиард долларды инвестициялауды уәде еткен Саудия ханзадасы уәдесінде тұрып, 600 млрд долларлық келісімге қол қойды.

Бұл – бұл ма, Саудия тарабы алдағы 5 жылда АҚШ-тан жалпы құны 124 миллиард долларға қару-жарақ сатып алатын болып келісті.

Ал мұны үлкен сауда демей көріңіз. Оның үстіне Саудия ханзадасы бен Салманның Ресей президенті Владимир Путинмен жақын қарым-қатынаста екенін ескерсек, Трамптың бұл жүрісін «Путиннің достарын өз жағына тарту» әрекеті деп те бағалауға болады.

1747219460405319.jpeg

(Сурет: haqqin.az)

САНКИЯ ҚҰРСАУЫНАН БОСАТЫЛҒАН СИРИЯ

Саудиядағы сәтті сауданың эффектісі ме, әлде Трамптың әуелгі жоспары сондай болды ма, әйтеуір Сирияға қатысты жылымық мәлімдеме жасалды.

«Сирияға бір мүмкіндік беру», — деп мәлімдеген АҚШ президенті Трамп Сирияға салынған санкцияларды алатынын мәлімдеді. Онымен қоймай, жүзбе-жүз жолығуға ниет білдірген Сирия басшысын қабылдайтынын айтты.

Ал бүгін Саудия алаңында Сирияның жаңа басшысы Ахмед аш-Шараамен жүзбе-жүз жолықты. Бұл соңғы 25 жылдағы АҚШ және Сирия басшыларының алғашқы жолығуы. Кездесу көпке созылған жоқ. Ұзын-ырғасы 33 минут болған. Десе де, бұл кездесудің де астарында экономикалық мүдде жатыр десек қателеспейміз.

БАҚ хабарлағандай, Сирияның жаңа басшысы санкцияны алып тастау үшін Трампқа үш түрлі ұсыныс жасаған. Олар:

Бірінші – ел астанасы Дамашықтың орталығынан Трамптың жеке компаниясына қонақ ұй салуға жер ұсынған.

Екінші – Израильмен  қақтығыспауға уәде берген.

Үшінші – АҚШ-қа Сирияның мұнай мен газ құбырларын еркін пайдануға рұқсат берген.

Ахмед аш Шараа командасы Сирия басшылығына келмей тұрып, елді ұзақ уақыт басқанған Асадтар әулеті еді. Асадтың әкесінің билігі тұсында да, Башар Асадтың билігі тұсында да Сирия Ресейдің әскери базаларының бірі болып келді. Әсіресе, Ресей Хмеймимдегі әуе базасы мен Тартустағы әскери-теңіз базасына қыруар қаражат жұмсады.

1747219534201510.png

(Сурет: euronews.com)

Ресей үшін Асад режимінің құлауы – елеугі геосаяси соққы. Ресей бұл жағдайда Сириядағы ең маңызды одақтасын жоғалтады. Бұл аймақ Таяу Шығысқа ықпал етуде маңызды рөлге ие болған. Ресей үшін ең маңыздысы – Сириядағы әскери базалары. Бұл базалар Ресей үшін Жерорта теңізі мен Африкадағы операциялар үшін маңызды логистикалық нүкте болған. Ресей қайткен күнде осы базаларды сақтап қалуға және Сирияның жаңа жетекшілігімен байланыстарын жақсартуға тырысуда.

Алайда қазір Дамашық пен Мәскеудің диалогы жақсы емес. Билігі құлап, бас сауғалап Мәскеуге қашқан Башар Асадты Ахмед аш Шараа қайта сұратқан. Ал Мәскеу оны беруден бас тартқан. Бұл жағдай Ресейдің Сириядағы келіссөз позициясын едәуір әлсіреткен.

Бұл тұста Түркияның Сирияға ықпалы тым жоғары екенін баса айта кету керек. Десе де, бір кездері Ресей ықпалында болған Сирияға енді АҚШ та ықпал етуге кетәрі емес екенін аңғаруға болады.

1747219785453346.png

(Сурет: foxnews.com)

КӨП МӘСЕЛЕ КАТАРДА ШЕШІЛЕДІ

Трамптың мұнай мен газға бай алпауыт бай елдерге сапары мамырдың 17-не дейін жалғасады. Біріккен Араб әмірлігі алдағы 10 жылда АҚШ экономикасына 1 трилион 400 миллиард доллар ақша құятынын жарилаған еді. Осы жолы бірқатарына қол қойылмақ.

Десе де, Трамп турнесінің ең маңызды әрі қызық бөлімі Катарда жалғаспақ. Трамптың сапарының алдында Катардың патша әулеті АҚШ президентнің ұшағының ескергенін елеп, «Бойнг 747» ұшағын сыйға тартатынын мәлімдеген еді. Трамп одан да бас тартпайтынын айтқан.

Катар не үшін маңызды десеңіз, Иран, ХАМАС, Хурситтермен келіссөздер де осы аймақта жүріп жатыр. Араб елдері Масктың күн энергиясына көңілі ауып, мұнай өндіруді қысқартуға келіссе, Ресейге қиын болғалы тұр.

Mezgil.kz