Анамның жағдайы күн санап нашарлап барады: Гүлнар Кәрімованың қызы прокурор мен МҚҚ-ға өтініш жазды

1096
Гүлнар Кәрімованың қызы Иман Instagram желісінде Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі және бас прокурорға жазған өтінішін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өтініште Гүлнар Кәрімоваға наурыз айында қорғаушы барғаннан кейін де тиісті медициналық көмек көрсетілмегені жазылған. Иманның сөзінше, анасына физикалық және психологиялық қысым жасалуда.
Иман өз өтінішінде анасының жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын жазған. Оның қан қысымы жоғарылағаны, гипертониялық асқынуды бастан өткергені туралы талдау нәтижелері мен күнделікті қан кетіп жатқанына қарамастан, көптеген тексеруді жалғастыруда, дейді ол.
Сонымен қатар Иман мұндай өтінішті англиялық қорғаушылармен бірге халықаралық сотқа да жазуына тура келетінін хабарлаған.
Еске сала кетсек, Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнар Кәрімова биылғы жылдың наурыз айының басында жалпы тәртіптегі түрмеге ауыстырылған еді.