«Көшбасшылар арасындағы қарым-қатынас жолында ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын» — Тоқаев

1609
Осы ретте Мемлекет басшысы танымал психолингвист Фрэнк Смиттің «Бір тіл сізді өмір дәлізіне алып келсе, екі тіл сол жолдағы барлық есікті ашады» деген сөзін еске алды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан «МИР» телеарнасына берген сұхбатында бірнеше тіл білуі оған басқа ел басшыларымен ортақ тіл табысуға қаншалықты пайдалы екендігі айлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
«Бірнеше тіл білу — бұл қажеттілік деп санаймын. Президенттердің, Мемлекет басшыларының біреуін бөле-жара қарамас едім. Түсінікті себептерге байланысты конструктивті, адами тұрғыда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен жанға жайлы сұхбат болатындығы түсінікті. Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен де өте жақсы сөйлесеміз. Көршілес мемлекеттердің басшылары — Өзбекстан, Тәжікстан Президенттерімен де жақсы қарым-қатынастамын. Таяуда ғана Беларусь Президенті сапармен келіп кетті. Сондықтан көшбасшылар арасындағы қарым-қатынас жолында ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын», — деді ҚР Президенті.
Осы ретте Мемлекет басшысы танымал психолингвист Фрэнк Смиттің «Бір тіл сізді өмір дәлізіне алып келсе, екі тіл сол жолдағы барлық есікті ашады» деген сөзін еске алды.
«Халықаралық деңгейдегі саясаткер кез келген әңгімелесушісімен ортақ тіл табыса алуы тиістігіне сенімдімін. Себебі, мұны саяси әдеп ережесі ғана емес, оның мемлекетінің мүддесі де талап етеді. Өзге мемлекеттің тілін, мәдениетін, тарихын білу тіл табысуға, сұхбаттасушының ұстанымын, оның қағидасын түсінуге, ал бұл өз кезегінде өзара түсіністікке, тіпті күрделі келіссөздер барысында ымыраға келуге мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.